Шу ауданы білім бөлімінің А. Байтұрсынұлы атындағы гимназияда 4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне арналған салтанатты жиын өткізілді.
Шу ауданы білім бөлімінің А. Байтұрсынұлы атындағы гимназияда 4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне арналған салтанатты жиын өткізілді. Іс-шара салтанатты түрде Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимнін орындаудан бастау алды. Мектеп директоры Ахметова Эльмира Шакировна мерейлі мерекемен құттықтап, мемлекетіміздің іргесі әрқашан берік болсын, - деген тілегін жеткізді.
Оқушыларға рәміздердің тарихына, олардың маңыздылығына, мемлекеттік рәміздерге байланысты сұрақтар қойылды.
Мемлекеттік рәміздер күні - еліміздің тәуелсіздігін, бірлігін және болашағымызды бейнелейтін маңызды мереке. Алтын ою-өрнекпен, шұғылалы күнмен және оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген көгілдір түсті әдемі Туымыз, мемлекеттік Елтаңбамыз бен патриоттық Гимніміз – халықтың мақтаныш сезімін оятады. Бұл құндылықтар бұралаң әрі қиын жолды, сол жолда қол жеткізген жетістіктерімізді және алдағы мақсаттарымызды паш етіп тұрғандай.
Мемлекеттік рәміздер – Қазақстанның әлемдік аренада өзіндік орнын айқындауға, ұлттық бірлікті нығайтуға, халқымыздың рухын көтеруге ықпал етеді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні құтты болсын!