Ұрпағы білімсіз елдің келешегі де бұлыңғыр екені баршаға аян. Әрбір мемлекет, әрбір ұлт өз өкілінің білімі мен бойындағы ерекше қасиеттері, таланты мен дарындылығы, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрініп, басқаларға қарағанда оқ бойы озық тұратынымен бағаланады.
Шәкірттерді ғылыми ізденістерге тартуда «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназия» ұстаздары елеулі жұмыстар атқарып келеді.
Мақсат біреу – ғылымға қызығушылық танытқан талантты, дарынды оқушыларды ғылымға баулы.
Қазіргі таңда мектебімізде оқушылар ғылыми жоба тақырыптарын бекітіп, зерттеу жұмыстарымен айналысуда. Мектебімізде жылдық жоспарға сай 2024 жылдың 2 мамыр күні «Мен зерттеушімін» атты мектепішілік ғылыми жобалар байқауы өтті. Байқауға 8 оқушы қатысып ғылыми зерттеу жұмыстарын қазылар алқасына ұсынды.
Олар:
5 «А» сынып оқушысы Жанат Б
Зерттеу жұмысының тақырыбы «Қазақтың ұлттық тағамы құрттың адам денсаулығына пайдасы» Жетекшісі Алкеева А.Б.
5 «Б» сынып оқушысы Тоқтарбай М
Зерттеу жұмысының тақырыбы «Асқабақтың пайдасы» Жетекшісі Барибаева М.А.
6 «А» сынып оқушысы Жолшыбек Милана
Зерттеу жұмысының тақырыбы « Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының мұралары»
Жетекшісі Джумагазиева З. Ж
10 «Б» сынып оқушылары Отынбай С
Зерттеу жұмысының тақырыбы «Шу ауданының тұрақты дамуы мен экологиялық ізі» Жетекшісі Қадыр Н.Ж
10 «Б» сынып оқушысы Қасымбай А
Зерттеу жұмысының тақырыбы «Халық қахарманы Бауыржан Момышұлы және қазіргі заман» Жетекшісі Джумагазиева З. Ж
9 «А» сынып оқушысы Иманбай Д,Бақытжанқызы А
Зерттеу жұмысының тақырыбы «Ауыр металдардың адам денсаулығына әсері» Жетекшісі Сарсебекова Г.А.
8 «Г» сынып оқушысы Щепель Д
Зерттеу жұмысының тақырыбы «Гончарное искусство-народная сокровищница» Жетекшісі Ревенко Т.В.
8 «Г» сынып оқушысы Кочнев М
Зерттеу жұмысының тақырыбы «Феномен сна и сноведений» Жетекшісі Зинченко Н.П.