📌Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназияда 5 қазан күні ұстаздар мерекесіне орай "Дублер күні" ұйымдастырылды.
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназияда 5 қазан күні ұстаздар мерекесіне орай "Дублер күні" ұйымдастырылды.
Мақсаты: мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру.
Осы мақсатты жүзеге асыруда мектеп оқушылары ерекше қызығушылық танытты. Бұл күні 11 сынып оқушылары барлық сабақтарда мұғалімдерді алмастырды. Осы жауапты іс-шараға балалар көп дайындалды, олар мұғалімдердің басшылығымен сабақ кестесін құрып, әр сабақтың жоспарын жазды.
Таңертеңнен бастап мектепте ерекше көңіл-күй орнады, оқушылар осы күнді қызықты да, мазмұнды етіп көрсетуге тырысты.
Пән мұғалімдерінің бағыттауымен мұғалімдік қызметке бағыт алып отырған оқушылар мен әр түрлі пәндерден олимпиадаларға қатысып жүрген оқушылар өздерінің бейім пәндерінен бір күн мұғалімдерге дублер болды. Осы орайда дублер оқушылар сабаққа ынта-ықыласпен дайындалып, түрлі әдістермен тәжірибелер көрсетіп, төменгі сынып оқушыларын қызықтыра білді. Оқушылар пән мұғалімдерімен қатар мектеп әкімшілігіне де дублер болды. Алдын ала оқушылардың қызметі түсінідірілді. Мектеп ұстаздары тек бақылап бағыт-бағдар беріп отырды. Бір күн дублер бола отырып, мектеп өмірінің бір күндік тыныс-тіршілігіне араласып оқушыларымыз өз ұстаздарының күнделікті жұмысы туралы тура түсінік пайда болды. Күн қорытындысы бойынша дублер болған оқушылар жиналыс өткізіп, әрқайсысы өз пікірлерімен бөлісіп, мұғалім болу тек қана қиын емес, қызықты да мамандық екен деген ортақ ой қалыптастырды.