А.Байтұрсынұлы атындағы гимназия жанындағы жазғы ⚜️"Балдаурен"⚜️ лагерінің ашылуы.
А.Байтұрсынұлы атындағы гимназия жанындағы жазғы "Балдаурен" лагерінің ашылуы.
Мақсаты:
Оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, олардың денсаулығын нығайту, шығармашылық қабілеттерін дамыту, қауіпсіз әрі қызықты ортада демалуына жағдай жасау.
Міндеттері:
Балалардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға қолайлы жағдай жасау.
Әлеуметтік, танымдық және шығармашылық дағдыларын дамытуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру.
Балалардың бос уақытын мазмұнды әрі пайдалы өткізу.
Әртүрлі спорттық, мәдени-көпшілік және тәрбие жұмыстары арқылы балалардың қызығушылығын арттыру.
Қауіпсіздік ережелерін сақтау мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Қоғамдық тәртіпті, достық қарым-қатынасты және өзара сыйластықты тәрбиелеу.
Табиғатқа, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік пен жауапкершілікке баулу.
Ашылу салтанатынан кейін оқушылар "Жаз", "Демалыс", "Әр қашан күн сөнбесін" тақырыптарында сурет салу байқауы ұйымдастырылды.