Шу ауданы білім бөлімінің, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназияның АӘТД пәні мұғалімі Ислам Шәріпбай және дене шынықтыру пәнінің оқытушылары Алексей Леоненя , Аскар Бексимак және ата-аналар комитеті Коротовских Сергей, Даут Исмагулов жетекшілігімен 12-16 мамыр аралығында 10 сынып оқушыларының 5 күндік әскери оқу-далалық жиыны өткізілді.

Мақсаты: ҚР Қарулы Күштерінің қатарына жастарды тарту, жеткіншектердің Отан қорғауға деген патриоттық сезімдері мен жауапкершіліктерін арттыру.
Оқу-далалық жиынында сап элементтері, тактикалық дайындық, атыс дайындығы, әскери топография бойынша практикалық жаттығу түріндегі сабақтар жүргізілуде. Болашақ сарбаздар ҚРҚК-нің Тәртіптік, Ішкі қызмет, Гарнизондық және Қарауылдық қызмет жарғылары негізінде дайындалды. Оқушылар бескүндік барысында әскери өнердің қыр-сырына машықтанып, әскери өмірдің темірдей қатал тәртібімен таныстырылуда. Далалық – оқу жаттығу жиынында оқушылар «Тактикалық дайындық», «Атыс дайындығы», «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жалпы әскери жарғылары», «Саптық дайындық», «Әскери топография» бойынша өз мүмкіндіктерін машықтайды.https://www.facebook.com/share/v/1LDkYZAvu6/