Игі шараның мақсаты-мектеп ауласын көк желекке айналдырып, мектепті көркейту, көгалдандыру жұмыстарын жандандыру арқылы табиғатты сақтау,
мектеп оқушыларының экологиялық білімін кеңейту, қоршаған ортаға жауапкершіліктерін арттыру, экологиялық сауаттылықтарын жетілдіру
Мектептің түлектер аллеясына тал егу жұмысы арқылы балалардың табиғат-анаға, күллі жаратылысқа деген ықыласын оятып, адам баласының табиғатпен үйлесімді тіршілік ету қажеттілігі туралы ой салды деп ойлаймыз.Қоршаған ортаның жақсаруына, жасыл желекке бөленуіне өз үлесіңізді қосуға шақырамыз.