Баланың мектептен үйге дейінгі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша рейд жұмыстары!
Құқықтық тәрбие, психологиялық және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жоспары мен «Жол картасының» жоспарын негізге ала отырып, директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Шу АПБ ЖПҚБ ЮПТ учаскелік полиция инспекторы, денешынықтыру пәні мұғалімдері, АӘТД пәнінің мұғалімі бірлесе отырып, мектепке қарасты ықшам аудандарда орналасқан бас ғимараттарға рейд жүргізсе, мектепке қарасты көшелерде орналасқан құдықтар қақпақтарының жабулы екенін анықтау үшін көшелер аралады. Мақсаты: баланың мектептен үйге дейінгі қауіпсіздігін қамтамасыз ету.