"А.Байтұрсынұлы атындағы гимназия" КММ нің 9-11сынып оқушыларының қатысуымен "Қылмыстық жауапкершілік және құқықбұзушылықтың алдын алу жолдары" тақырыбында жиналысы өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың құқықтық білімдерін дамыту, заң алдындағы жауапкершіліктерін арттыру, жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу. Оқушыларға заң талаптарын түсіндіру, құқықтық сауаттылыққа үйрету, адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу.
Жиналыс барысында оқушыларға мектепішілік тәртіп ережесін сақтау міндеттілігі, жасөспірімдер арасындағы зорлау, жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттері, бопсалау, ауырлатылған бұзақылық, есірткі заттары мен психотроптық заттарды тарату, жеке мүлікті ұрлау немесе қорқытып алғаны үшін тұлғалар 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығы жайлы ақпарат берілді.
Жастарды әлеуметтік желілердегі қылмысқа итермелейтін түрлі сайттардан, топтардан мейлінше аулақ болуды, өз уақыттарын тек пайдалы дүниеге жұмсап, ата-атаналарының сенімін ақтауға, жақсы оқып, білім алуға талпыну керектігі туралы айрықша айтылды.